Нобельдің бейбітшілік сыйлығының биылғы жеңімпазы анықталды. Оны осы жолы Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлемдік азық-түлік бағдарламасы иеленіп отыр. Өйткені, ол жер шарында аштықпен күресіп, жанжал жүріп жатқан аймақтарда бейбітшілік үшін жағдайды жақсартуға үлес қосқан.
Әлемдік азық-түлік бағдарламасы жыл сайын дүниенің 88 елінде 97 миллиондай адамға жәрдемдеседі. Нобель жүлдесінің құны 1,1 миллион доллар. Ол лауреаттарға желтоқсанның 10-да Норвегия астанасы Ослода табысталады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ азық-түлік бағдарламасы Нобель алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132146/)