Премьер-Министр Асқар Мамин Ереван қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты.Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекеге қабілеттілігін нығайту бойынша бірқатар бастама көтерді. Үкімет басшысы еркін нарықтардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында одақтың салықтық-кедендік сенім кеңістігін қалыптастыруды ұсынды. Елімізде құрылатын Ұлттық тауар өткізу жүйесінің моделі мен Еуразиялық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру сөз болды.
Премьер-Министр бүкіл күш-жігерді Еуразиялық зияткерлік көлік жүйелерін құруға шоғырландыру қажет екенін атап өтті. Бұл инфрақұрылымды неғұрлым тиімді пайдалануға және тасымалдаушылар мен тауар өндірушілердің шығысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Үкімет басшысының тағы бір бастамасы - стратегиялық өткізу пункттерінде бірлескен тірек сынақ зертханаларын құру. Ауқымды шара өнімнің үшінші елдердің талабына сәйкестігін растауға арналған шығыстардытөмендетуге мүмкіндік береді.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132152/)