Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Өткен тәулікте көрші елде 12 мыңнан астам тұрғыннан вирус анықталды. Осылайша, науқастардың саны 1 млн 272 мыңға жетті. Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары көш бастап тұр. Ал ауруханаларда орын жоқ, тіпті ауыр жағдайдағы науқастар үйде емделуге мәжбүр. Билік шектеу шараларын қайта күшейтуі мүмкін.
Геннадий Онищенко, Медицина ғылымдарының кандидаты:-Барлық мекемелерді дезинфекциялап, қайтадан тазалық шараларына, қашықтық сақтау мәселесіне мән беру керек. Сонымен қатар медициналық маска қызметкерлердің барлығына тегін таратылуы тиіс,осындай бастама көтеріп жатырмыз.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде бір тәулікте 12 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132155/)