Алдағы 25 жылда мұнайға сұраныс азаймайды. Қара алтын энергияның негізгі көзі болып қала береді. ОПЕК кезекті есебінде мұнайға сұраныс 9%-ке өседі деген болжам жасады. Алайда жыл өткен сайын тұтыну көлемінің біртіндеп төмендейтінін айтады. Дүниежүзі қазір газға және жаңартылатын энергия көздеріне көшіп жатыр. Әсіресе соңғысы енді жыл сайын 6,5%-ке өседі деген болжам бар. Мұнайдан бөлек алда көмірді де тұтыну айтарлықтай төмендейді. Дегенмен осы аптада Brent 10%-ке, WTI 11%-ке қымбаттады. Қазір Brent маркалы мұнай 43 долларға, ал WTI 41 долларға бағаланып отыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ОПЕК: Мұнайға сұраныс 9%-ке өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132160/)