![Пандемия кезінде концерт пен театр залдары 968 млн теңге шығынға ұшыраған](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/12/1602476904819.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Статистика комитетінің мәліметіне сүйенген Finprom порталы 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында шығарма, өнер және көңіл көтеру саласының шығыны туралы мәлімет ұсынып отыр.
Жалпы, статистикаға қарасақ, сала айтарлықтай бір үлкен шығынға ұшырамаған. Себебі, 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында осы саланың адамдары 25 млрд теңгеге қызмет көрсетсе, 2020 жылдың қаңтар-маусымында 21 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Яғни, пандемия салдарынан өнер мен театр, концерт салалары 4 млрд теңге шығынға ұшыраған.
Жекелеп айтсақ, Қазақстан бойынша үш өңірде ғана шығарма, өнер және көңіл көтеру саласындағы қызметтердің көлемі қысқарған: Нұр-Сұлтанда осы саладағы қызмет көлемі 43%, Алматы қаласында 31%, Атырау облысында 32% қысқарған. Бірақ, пандемияға қарамастан, биыл қаңтар-маусымда осы саладағы рекордты көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - қызметтер құны 5 млрд теңге. Алматының өнеріндегі қызметтер 4,2 теңгені құраса, Қарағанды облысының өнер, шығарма және театр саласындағы қызмеи 2 млрд теңгеге жеткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пандемия кезінде концерт пен театр залдары 968 млн теңге шығынға ұшыраған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132185/)