Шетелден ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың бәрі бір ұшақта болмаған. Рейстері мен уақыттары әртүрлі. Жалпы, 2,5 мыңнан астам адамға тест жасалып, нәтижесінде Алматыға келген 3 жолаушыдан, Нұр-Сұлтанда біреу, Шымкентте екі адамнан вирус анықталды.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін ПТР сынағы жоқ әуе рейстерінің жолаушылары карантинге алынып жатыр. Сондай-ақ, ПТР сынағының қорытындысы жоқ шетелдіктер Қазақстан аумағына жіберілмейді.
6 қазаннан бері осындай 17 адам кері қайтарылды. Олар Ресей, Беларусь, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия және Өзбекстан азаматтары.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелден ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132207/)