Елдің Жоғарғы Кенеші Сооронбай Жээнбековтің жұма күнгі шұғыл шешімін қолдамаған сыңайлы. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізіліп отыр. Ол тура 1 аптаға созылады. Кешкі сағат 20:00-ден басталып, 19 қазан таңғы 7:00-ге дейін жалғасады. Тиісті жарлыққа қол қойылған.
Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі бүліктен соң бейбіт халықтың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті жойып, саяси ахуалды тұрақтандыру үшін осындай шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ төтенше жағдаймен қоса ел астанасында түнгі 22:00-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат енгізілді. Тұрғындардың қалаға кіріп-шығуы шектеледі және бұқаралық іс-шаралар, шерулер өткізуге тыйым салынған.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстандықтар бірінші төтенше жағдайды сақтамаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132210/)