Биыл Қазақстанда бірқатар саланың банктер алдындағы берешегі 9,5%-ке өсіп кеткен. Ұлттық банктың мәліметінше, кешіктірілген кредиттің сомасы 1 трлн теңгеден асады.
Осылайша қарыз бір жылда 86 млрд теңгеге көбейді. Әсіресе өнеркәсіп саласындағылардың банктерге қарызы 93 млрд-тан 128 млрд теңгеге дейін көбейіп кеткен. Ал өңдеу өнеркәсібіндегілер 118 млрд теңгені уақытында қайтармай отыр. Ақпарат және байланыс саласының да банк алдындағы несиесі аз емес.
Биылдың өзінде 32%-ке өскен. Құрылыс саласындағылар 121 млрд теңге кредитті кешіктіріп жүр. Ал көтерме және бөлшек сауданың қарызы кесірінше 6,2%-ке азайған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өнеркәсіптің банк алдындағы қарызы 128 млрд теңге&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132220/)