Тәжікстанда президент сайлауы аяқталды. Алдын ала деректер бойынша, Эмомали Рахмон жеңіске жетті. Оған халықтың 90 пайыздан астамы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлауға тұрғындардың 85 пайыздайы қатысты. 5 үміткер бақ сынасқан. Сайлау нәтижесін жариялау барысында ел астанасы Душанбеде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қырғызстандағы сияқты жағдай қайталанбас үшін, үкімет үйі мен көшелерді сақшылар бақылап, кафе-мейрамханалардың жұмысы уақытша тоқтады.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Душанбеде сайлау нәтижесін жариялау барысында қауіпсіздік қатаңдатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132238/)