ЕАЭО елдерінің ішінде тек Қазақстан мен Ресейде ғана жұмыссыздар саны өскен. Еуразиялық одақтағы статистика департаментінің мәліметінше, елде экономикалық белсенді халықтың 2,4% жұмыс іздеп жүр. Осылайша көрсеткіш бір жылда 24,7% өсіп отыр. Ресейде де екі қолға бір күрек таппай жүргендер көп. Көрші елде жұмыс іздегендердің саны биыл 5 есе көбейіп, 3,6 млн-нан асқан. Ал тамыздың қорытындысымен есептесек, Қырғызстан, Беларусь, Арменияда керісінше ресми тіркелген жұмыссыздар саны біраз азайған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Ресейде жұмыссыздар саны өскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132301/)