![Жазда КВИ-мен ауырғандар жыл соңында вирусты қайта жұқтыруы мүмкін - Цой](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/14/1602652265135.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жыл соңына дейін қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет болмайды, жазда коронавируспен ауырғандар вирусты қайта жұқтыруы мүмкін. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.
«Ғалымдардың болжамынша, коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандардың ағзасындағы антиденелер 1 ай ғана сақталады. Ал ауыр және орта дәрежеде ауырғандардың антиденелері 3 айдан 5 айға дейін түзіледі. Коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі осы жылдың маусым-шілде айларында болғанын ескерсек, қараша-желтоқсанда ол науқастарда антиденелер азайып, иммунитет төмендейді. Олардың КВИ-ді қайта жұқтыру қаупі бар», - деді министр.
Айта кетейік, әлем бойынша коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелді. Алайда Қазақстанда мұндай жағдай анықталған жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жазда КВИ-мен ауырғандар жыл соңында вирусты қайта жұқтыруы мүмкін - Цой&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132307/)