Маңғыстаудағы Құрық ауылында шағын оттегі станциясы іске қосылды. Жоба 21 млн теңге республикалық бюджет қаржысына салынды. Станция аудандық аурухананың жанына орнатылған. Мұнда әрқайсысы 40 литрлік 6 баллон бар. Ондағы оттегі құбыр арқылы әр палатаға келіп тұр. Дәл осындай шағын оттегі станциясы Жетібай ауылдық ауруханасында да салынып жатыр.
Гүлшара Бекнияз,Қарақия аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы:
-Жазғы пандемия кезінде оттегіні баллонмен тасыдық. Ауру көбейген жағдайда реанимациялық палата іздемей, ауруды орнынан қозғамай жатқан жерінен оттегі бере аламыз.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында оттегі станциясы іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132341/)