Солтүстік Қазақстан облысының Кіші Белое ауылындағы «Адель-құс» фабрикасында жоғары патогенді құс тұмауы анықталды. Кәсіпорында 600 мыңнан астам тауық бар. Құстарға о баста екпе салынған, бірақ, соған қарамастан қырылып жатыр. Зертхана қорытындысы бойынша да індет расталды. Қазір фабрикадан құс өнімдерін шығаруға тиым салынды.
Берік Әлжанов, Облыстық ветеринария басқарамасының басшысы:
-Құстардың өлім-жітімге ұшыраған саны анықталып жатыр. Және сол өлген құстарды жою жүргізілуде.
Сондай-ақ, өңірде өлген құс үшін тұрғындарға өтемақы төлене бастады. Бүгінге дейін 122 өтініш келіп түскен. Ал қазан айында өтініш бергендерге құстың нарықтағы орташа бағасы бекітілген соң ғана төленеді.
Сағындық Сәбитұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да екпе салынғанына қарамастан құстар қырылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132353/)