![Атырауда Қазақстан мен шетелдіктердің жалақы теңсіздігіне қатысты 109 факт анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/15/1602736495247.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы аймақтық басылымдар облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Дереккөзіне сүйенсек, биыл 9 айда Атырау обылысындағы өндіріс орындарында 18 жазатайым оқиға тіркелген, 8 адам көз жұмған. 13 адам ауыр жарақат алған. Еңбек инспекторы аймақтағы кәсіпорындар қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысын тең бермейді деген мәлімет ұсынып отыр.
«Өткен жылы еңбек инспекциясы 50-ден астам шетелдік қызметкері бар 43 кәсіпорынды тексерді. Нәтижесінде қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысындағы теңсіздікке байланысты 109 факт анықталған. 200-ден астам шетелдік тиісті дипломсыз жұмыс істеген. Тексеру биыл да жүріп жатыр. Қазір жалақыға қатысты теңсіздікке жол берген 10 компания еңбек инспекциясының бақылауында тұр», - деді Әубәкіров.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда Қазақстан мен шетелдіктердің жалақы теңсіздігіне қатысты 109 факт анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132368/)