Семинарлар мен симпозиумдарға жұмсалатын шығындарды қысқартып, үнемделген ақшаны әлеуметтік жобаларға бағыттау қажет. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» фракциясының отырысы кезінде осылай деді. Депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын алдын ала талқылау барысында ауылдарды сумен қамтамасыз ету мен фельдшерлік-акушерлік бекеттер және дәрігерлік амбулаториялар салу мәселелерін көтерді. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл мақсаттарға қазынашылық шоттарында игерілмей жатқан квазимемлекеттік сектордың қаражатын қайта бағыттауға болады.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семинар мен симпозиумдарға жұмсалатын шығынды қысқару керек - Нығматулин&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132379/)