Елордаға шетелден ұшып келген 150 жолаушы карантинге алынды. Қазір елімізде коронавирустан ем алып жатқандардың саны 2 мыңнан асады.
Ал өткен тәулікте 110 адамнан коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 27 адамға көп. Осылайша науқастар саны 109 мыңнан асты. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны кешегіден екі есе төмен. 159 адам ауырып, 1 науқас қайтыс болды. Вирусты пневмониямен ауырғандардың саны 35 393-ке жетті. Екі тізімді қоса алғанда дерттен айыққандардың жалпы саны 130 мыңнан асады.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте 110 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132385/)