Статистика бюросының мәліметінше, қаңтардан бері авиакомпаниялар 4 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған. Коронавирусқа байланысты былтырмен салыстырған 40%-ке азайып отыр. Авиақызметтің құны Маңғыстау облысы, Шымкент пен елордада айтарлықтай арзандаған. Нұр-Сұлтанда баға 36,5%-ке төмендеді.
Мәселен, Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы билеттің орташа бағасы былтыр 21 мың теңгеден асса, биыл 13 теңге шамасында. Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытына жолаушылар бір жыл бұрын 25 800 теңге төлесе, биыл баға 9 мың теңгеге арзандады. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды және Қостанайда керісінше билет құны қымбаттады. Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысында баға өзгерген жоқ.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл ұшақ билеттерінің бағасы 9%-ға арзандаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132408/)