Елімізде 1300-ден астам ауыл мемлекеттік қолдаудан мүлде тыс қалып, инфрақұрылымның игілігін көрмей отыр. Солардың бірі - Ақмоладағы Қараөзек ауылы. Мұнда ауызсу мәселесі күрделі. Орталық жүйе болмағандықтан, әркім ауласынан құдық қазып алған. Бірақ оның суы ащы әрі лай. Тағы бір мәселе – жайылым. Төңірек түгелдей жеке кәсіпкерлерге жалға берілгендіктен жайылым тарылған.
Осындай түйткілдер Батыс Қазақстан облысындағы ауылдарда да бар. Партия өкілдері өңірдегі шаруа қожалықтарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Мәселен, «Покатиловка» шаруашылығы 7 жылдан бері сүтті сиыр өсіріп келеді. Өйткені, малдың өнімін өткізу өзекті. Шалғай мекендердегі осы мәселелерді шешуді «Ауыл» партиясының өкілдері қолдарына алмақ.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ауыл» партиясы билік назарынан тыс қалған елді мекендердің мәселесін қолға алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132427/)