Таулы Қарабақ тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр. Мұнда қақтығыстар басталғалы 6 мыңнан астам ғимарат қираған. Сонымен қатар 32 бейбіт тұрғын қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Бұл туралы Армения сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр. Әзірбайжанда да талай адам құрбан болды. Кеше Тертер ауданында зиратқа артиллериялық снаряд түсіп, жерлеу рәсімінде болған 3 азамат қайтыс болған. Жалпы, ресми Бакудің хабарлауынша, бір айға жуық уақытта 43 бейбіт тұрғын жан тәсілім еткен. Армения болса, Әзірбайжанның әуе соққысынан 2 жауынгерінен айырылғанын хабарлады.
Айта кетсек, екі ел арасында атысты тоқтату туралы бітім бір апта бұрын жасалған. Бірақ тараптар осы ымыраны сақтамады деп бір-бірін айыптап келеді.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таулы Қарабақ тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132436/)