![Қазақстан халқының саны 18 млн 700 мың адамнан асты](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/16/1602845613060.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2020 жылғы 1 қыркүйекке еліміздегі халық саны 18785,0 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11066,2 мың (58,9%), ауылдықтар – 7718,8 мың адамды (41,1%) құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады.
2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,0 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында қалыптасты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан халқының саны 18 млн 700 мың адамнан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132440/)