Биыл Екібастұз қаласында мыңнан аса отбасы баспаналы болды. Игілікке мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қол жетті. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа мөлтекауданда қазір тағы 4 үй салынып жатыр. Жыл аяғына дейін тағы 430-дан астам пәтер пайдалануға беріледі. Ал кеншілер қаласында 144 отбасы қоныс тойын тойлауда.
Ақмарал Мусина, қала тұрғыны:Бұған дейін ата-анамызбен бірге тұрдық. Бұл пәтерге 2008 жылы кезекке тұрғанмын бюджеттік қызметкер ретінде. Енді 2 бөлмелі пәтердің кілтін алып, қуанып жатырмыз.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл Екібастұзда мыңнан аса отбасы баспаналы болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132453/)