![Қазақстанға ПТР сынамасыз келген 3 шетелдік депортацияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/19/1603084155825.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанға ПТР сынамасыз келген Ресей, Өзбекстан және Армения азаматтары депортацияланды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов айтты.
Жалпы, 19 қазан күні түнде елімізге 10 халықаралық рейспен 1 136 жолаушы келген. Оның 198-нің ПТР анықтамасы болмаған. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен келген 565 жолаушының 424-інде анықтама болса, 141-інде анықтама болмады. Алматыға 3 рейспен 494 жолаушы келді. Оның 446-сы анықтамамен, 48-і ПТР сынамасыз жеткен. Ал Ақтауға 1 рейспен ұшып келген 77 жолаушының 68-і анықтамамен, 9-ы анықтамасыз келген.
ПТР сынамасыз келген қазақстандықтар карантиндік стационарларға жатады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанға ПТР сынамасыз келген 3 шетелдік депортацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132507/)