![1 миллионға жуық адам тегін дәрімен қамтылады - Цой](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/20/1603168755261.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Коронавирустың жеңіл түріне шалдығып, үйден емделетін науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Министр Үкімет отысында COVID-19 емдеуге арналған дәрілердің тізімі кеңейтілгенін жеткізді.
«Амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілді. Яғни, коронавирустың жеңіл түріне шалдыққан науқастар ПТР тестілеудің нәтижесіне қарамастан, өзі тіркелген емханалардағы дәрігердің нұсқаулығы бойынша дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады», - деді Цой.
Осылайша 1 млн-ға жуық адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады.
«Бұл шара халықтың дәріге жұмсайтын шығынын азайтады, инфекциялық және диспансерлік орталықтардың ауыртпалығын жеңілдетеді», - деді министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 миллионға жуық адам тегін дәрімен қамтылады - Цой&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132559/)