![Алматыдағы блок-бекетте жол апатына кінәлі экс-полицей 10 жылға сотталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/20/1603172964286.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы блок-бекетіндегі апатқа кінәлі BMW жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты.
Қарасай аудандық соты экс-полицей Азат Азаматовты ҚР ҚК 345-бабымен айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіптілігі орта дәрежедегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.
Еске салсақ, 25 мамыр күні таңғы сағат 5:30 шамасында BMW маркалы көлік жүргізушісі блок-постағы полиция көлігіне соғылған еді. Салдарынан екі тәртіп сақшысы көз жұмды. Сондай-ақ, үшінші полиция қызметкері жарақат алып, ауруханадан жазылып шыққан болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы блок-бекетте жол апатына кінәлі экс-полицей 10 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132562/)