![Үш жылға зейнетақы төлеу үшін Ұлттық қордан 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/21/1603256296181.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Депутаттар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын мақұлдады.
«Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2021 жылы - 2,7 млрд теңге, 2022 жылы - 2,4 млрд теңге, 2023 жылы - 2 млрд теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделіп отыр», деді Ұлттық экономиика министрі Руслан Дәленов.
Заң жобасында сондай-ақ кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Ұлттық қордан бөлінетін осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағыттау ұсынылады.
2021-2023 жылдарға белгіленген трансферт мөлшері Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерін аспайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үш жылға зейнетақы төлеу үшін Ұлттық қордан 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132616/)