![Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1076.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұған дейін Тараздың 6 шағын ауданында екі адамның атыс барысында жарақат алғаны хабарланған еді.
Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында орын алған.
«19 маусымда сағат 16:30-да «Борышкер» іс-шарасы барысында, полиция қызметкерінің қару асынып жүру бойынша патрульдік жүрісі кезінде Тараз қаласындағы шағын ауданның бірінде белгісіз адам оған қарудан оқ атқан. Күдіктіні ұстау кезінде учаскелік инспектор жараланды», - делінген облыстық ІІД таратқан хабарламада.
Күдікті бұған дейін қылмыстық есепте тұрған. Ол діни экстремист емес, деп мәлімдеді өңіірлік полиция.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шарасы бойынша оқиғаның мән-жайы және оған қатыстылар анықталуда.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, күдікті ауыр халде №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13262/)