Ақтауда модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Жоба 2 айда жүзеге асты. Оған демеуші компанияның есебінен 7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Заманауи медициналық мекеме 200 орындық. Аурухана орталықтандырылған оттегі станциясымен қамтамасыз етілді. Стационар толық іске қосылғанда 200 маман жұмыс істейді.
Шаяхмедин Берқалиев, модульдік инфекциялық стационардың басшысы:Жазда қиын жағдайлар болды. Мамандар дайын болмай қалды. Қазір мамандар қосымша білім алды, семинарлардан өтті.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда модульдік инфекциялық аурухана ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132627/)