![Елорда: Cауда орталықтары осы демалыста да, келесі демалыста да ашылмауы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/21/1603275790982.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Демалыс күндері елордадағы сауда орталықтарының қайта ашылатын күні эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.
«Әзірге эпидемиологиялық жағдай келесі демалыс күндері сауда орталықтарын ашуға мүмкіндік бермейді. Қазір бізде жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ, COVID-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Мәселен, кеше 29 жағдай балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. Көбінесе олар симптомды түрімен ауырады. Сондай-ақ аурудың алдыңғы аптамен салыстырғанда өсуі байқалады. Бүгін бесінші күні, елорда «жасыл» аймақта тұр, осы көрсеткіштер 14 күн бойы сақталғаннан кейін ғана, жеңілдету туралы айтуға болады», - деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.
Сонымен қатар бас санитар дәрігер аймақтың түсі арнайы матрица арқылы анықталатынын атап өтті. Репродуктивті сан аурушаңдық деңгейі бір күнге көтерілген жағдайдың өзінде санау қайта басталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда: Cауда орталықтары осы демалыста да, келесі демалыста да ашылмауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132630/)