Қырғызстанда парламенттік сайлау қайтадан желтоқсанның 20-да өтетін болды. Мұндай шешімді елдің Орталық сайлау комиссиясы бірауыздан мақұлдаған.
Айта кетсек, елде Жоғарғы кеңеске сайлау 4 қазанда өткен еді. Бірақ Бішкекте жаппай шерулер мен тәртіпсіздіктер басталғандықтан, оның нәтижесін жоюға тура келді. Республикада билік ауысып, президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткені белгілі.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстанда парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132635/)