Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушілерін бақылайтын жаңа жүйе іске қосылады. Тиым салынған жерге тоқтап, жол белгілерін елемеген тізгіншілер енді 3 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл арқалайды.
Ресейлік «ДОЗОР-М» сертификатталған кешені құқық бұзған көліктерді камераға түсіріп, нөмірін тіркейді, нақты орны мен уақытын анықтайды. Базаға енгізілген соң көлік жүргізушісінің нөміріне SMS хабарлама жіберіледі. Айыппұлды 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда 50 пайыз жеңілдік жасалады.
Бауыржан Тоғжұманов, Полиция департаменті әкімшілік полиция бақармасының аға инспекторы:-Қазір 4 арнайы автокөлік бар. Болашақта полиция қызметкерлерінің көліктеріне де орнату қарастырылып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушілерін бақылайтын жаңа жүйе іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132646/)