![К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1105.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов твиттер-аккаунтқа Карелияда балалардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке көңіл айтты.
«РФ Үкіметінің Төрағасы Д.А.Медведевке балалардың қазасына әкеп соққан Карелиядағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын», - деп жазды твиттерге К. Мәсімов.
Еске салсақ, 18 маусымда «Парк-Отель Сямозеро» балалар сауықтыру лагерінің қатысушылары Пряжинск ауданындағы су қоймасында қайықпен дауылға ұрынды. Үш қайықта 47 бала, 4 ересек нұсқаушы болған. Дауыл салдарынан қайық аударылып, батып кетті. Соңғы деректер бойынша қаза болған балалар саны - 15.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13266/)