Халықаралық рейспен өзге елден оралған қазақстандықтардың індет жұқтырмағаны туралы анықтамасы болуы шарт. Олар ПТР-сынамасыз елге кіргізілмейді. Бұл туралы көліктегі мемлекеттік санитарлық бас дәрігер айтты.
26-шы қазаннан бастап 72 сағат ішінде сынама тапсырғандар ғана ұшаққа отырғызылады. 5 жасқа дейінгі балаларға анықтама керек емес. Барлық әуе компаниялары мен әуежайларға осы талапты орындау жүктелді. Айта кетейік, осыған дейін шетелден оралған жерлестеріміз карантинге жатқызылып, ПТР-сынаманы мемлекет есебінен тапсыратын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ПТР-сынама анықтамасы жоқ қазақстандықтар елге кіре алмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132715/)