![«СҚ-Фармация» басшысы 1,3 млн теңге, орынбасары 900 мың теңге жалақы алады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/23/1603432325242.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ерхат Есқалиев бұл қызметке 12 шілде күні тағайындалған болатын.
Компанияның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев отандық арналардың біріне сұхбат бере отырып, өзінің және орынбасарының, сондай-ақ, басқарушы менеджерлердің жалақысы қанша теңге екенін айтты.
«Менің жалақым 1 ммлн 300 мың теңге, орынбасарымдікі 900 мың теңге, басқарушылар 450-650 мың теңге аралығында жалақы алады. Менің бір орынбасарым, үш басқарушым бар», - дейді «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.
Ерхат Есқалиев бұл қызметке елде коронавирус індеті өршіп тұрған кезде, 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған. Компанияны оның алдында басқарған Берік Шәріп төтенше жағдай кезінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтудың орнына, дәрілерді сатып алу кезінде лауазымын асыра пайдаланып, қоймаларды дәрі-дәрмекті тыққаны үшін қамауға алынған болатын. Оған қатысты іс тергеліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«СҚ-Фармация» басшысы 1,3 млн теңге, орынбасары 900 мың теңге жалақы алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132734/)