Мысырдан ұшып келген елордалық екі азамат карантиндік стационарға жатудан бас тартып, арнаулы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашты. Жолаушылардың қолында ПТР-тестің қорытындысы болмаған. Көліктегі полиция қызметкерлері олардың тұрғылықты жерін анықтап, карантиндік стационарға жеткізді. Көліктегі бас санитар дәрігердің айтуынша, ерлі-зайыптылардың бірі - мемлекеттік қызметкер. Талапты бұзғандарға 30 айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Айта кетейік, өткен түні елге 329 қазақстандық ПТР анықтамасыз ұшып келген.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ПТР-тест тапсырмау үшін қашқан 2 жолаушыға 30 АЕК айыппұл салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132763/)