Коронавируспен күрес бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, шетелден келгендердің ПТР-тестілеу анықтамасы міндетті түрде болуы керек. Мұндай талап 5 жасқа дейінгі балалар мен дипломаттарға қойылмайды. Ал өзге жолаушылардың анықтамасының жарамдылығы 3 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ, қаулыда халықаралық транзитпен жүрген жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды деп жазылған. Жалпы, әуе, темір жол және көлік қатынасында бақылау күшеймек.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ПТР-тестілеу анықтамасы кішкентай балалар мен дипломаттардан талап етілмейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132764/)