Шымкентте керісінше кәсіпорын құрылысы тоқтап, инвесторсыз қалды. Құны шамамен 6 млрд теңгеге бағаланған фармацевтикалық зауыт былтыр аяқталуы тиіс еді. Кәсіпорынды ресейлік инвестор қаржыландырған. Ол қаражат жетпей, жобадан бас тартты. Жергілік әкімдік өкілдері ғимарат құрылысы 70% аяқталғанын айтады. Бұған дейін зауыт ашылса, жылына 2 млрд дәрі-дәрмек таблеткасы шығарылып, 50 адамды жұмыспен қамтитыны айтылған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте фармацевтикалық зауыт инвесторсыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132781/)