Қашағанда салынатын зауыт қуаты 5 млрд текше метрге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері хабарлады. Құны 860 млн долларға бағаланған газ өңдейтін зауыттың құрылысы келер жылы аяқталады. Ол кен орнынан жылына 1 млрд текше метр шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл елдегі тауарлы газдың үлесін ұлғайтып, Қашағанда қара алтын өндіруді арттыра түседі.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қашағандағы газ өңдейтін зауыттың құрылысы келер жылы аяқталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132782/)