![Ең жоғарғы зейнетақы 506 мың теңге: БЖЗҚ өз салымшыларына 138 млрд теңге төледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/26/1603701174431.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 138 миллиард теңге төледі.
2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ 297 253 адамға төлем төледі. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды.
Оның ішінде:
- зейнет жасына толуына байланысты төлемдер – 46,1 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 миллиард теңге;
- тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты төлемдер – 27,6 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 миллиард теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 миллиард теңге.
БЖЗҚ ақпараты бойынша, ай сайынғы орташа төлем (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 739 теңгені құраса, ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 506 980 теңге болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ең жоғарғы зейнетақы 506 мың теңге: БЖЗҚ өз салымшыларына 138 млрд теңге төледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132818/)