Көкшетауда республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Онда күштік құрылымдардың террорлық іс-әрекеттерге қарсы дайындығы тексерілді. Шартты түрде, террористтер қоғамдық көлікті және адамдар көп шоғырланған ғимаратты басып алды. Биологиялық қауіпті заттарды қолданды. Оқу-жаттығу барысында тұтқындарды босату, қылмыскерлерді қолға түсіру және ғимаратты залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Осылайша, мамандардың кәсіби біліктілігі шыңдалды. Жауапты мекемелер арасындағы байланыс тетіктері жетілдірілді.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132832/)