Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші артып келеді. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты. Оның сөзінше ай басында күніне ауру жұқтырған бес адамға дейін тіркелсе, қазір олардың саны 15-20-ға өскен. Соңғы кезде мониторингтік топтардың жұмысы күшейіп, маска режимін бұзғандарға 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Жалпы санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағалануда. Ал, әуежайда қауіпті індет жұқтырған 33 адам анықталып, дер кезінде оқшауланған.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші артып келеді - Бекшин&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132855/)