![Ұшаққа ПТР анықтамасыз жолаушыны мінгізген әуе компаниялар жазаланады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/27/1603781708026.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды тасымалдаған авиакомпаниялар жазалады. Бұл туралы Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.
«2020 жылдың 27 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін барлық адамда COVID-19-ға арналған ПТР анықтамасы болуы керек. Алайда, авиакомпаниялар ПТР тестілеуден өтпеген 42 жолаушыны бүгін түнде ұшіп келген ұшақтарға отырғызған. Белгіленген шектеулерді сақтамаған әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді ол Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, елге келген жолаушылардың 96 пайызында ПТР анықтамасы болған. Жолаушылардың басым көпшілігі Мысыр, Түркия және Оңтүстік Кореядан келген.
Фото: ТАСС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұшаққа ПТР анықтамасыз жолаушыны мінгізген әуе компаниялар жазаланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132874/)