Солтүстік Қазақстанда жол құрылысы саласының мамандары тапшы. Өңірдегі 70-ке тарта компанияның әрқайсысына 20-30-дан орта буын жұмысшы жетіспейді. Сондықтан тәжірибесіз қызметкерлерді жұмысқа алуға мәжбүр. «Бюджет қаржысының желге ұшуына бірден-бір себеп осы», - дейді мамандар. Енді бұл мәселені тиісті мекемелер өз күштерімен шешуді қолға алмақ.
Жолдыбай Тентеков, Жол активтері ұлттық сапа орталығының облыстық филиалы директоры:Келесі жылдан бастап ұлттық жол сапа орталығы 15-20 жасты оқытуды жоспарлап отыр. Негізінен аз қамтылған, оқу ақысын төлей алмайтын отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсетеміз. Қазірдің өзінде зертханада маман жетіспегендіктен 3 студентті штаттан тыс жұмысқа алдық.
Сағындық Сәбитұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да жол саласының мамандары жетіспейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132890/)