Енді нарықтағы тауар бағасын өзіңіз бақылай аласыз. Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік пен дәрі-дәрмек құнын негізсіз өсіргендерге қарсы жаңа тәсіл тапты. Енді кез келген азамат сауда жасаған соң чекті суретке түсіріп, тауар бағасына Dosmart мобильді қосымшасы арқылы жібере алады. Саудаласқан соманың 1 проценті сізге кэшбэк ретінде түседі. Бұл 500 теңгеге дейін. Демек, әр жіберген чектен қосымша ақша түсіп отырады. Министрлік осылайша халықтың көмегімен нарықтағы тауар бағасының шарықтап кетпеуін қадағалайды.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Министрлік тауар бағасын негізсіз өсіргендерге қарсы жаңа тәсіл тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132916/)