Таулы Қарабақтағы қақтығыстар екінші айға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар екінші айға ұласты

28.10.2020

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар екінші айға ұласты. Кеше Барда қаласында шабуылдардан 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 13-і жараланды. Бұл турасында Әзірбайжан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ал Қарабақ армиясы болса, Бакуды бүгін Шуши қаласын, кеше түнде Мартуни және Аскеран қалаларын әуеден атқылады деп айыптап отыр.

Айта кетсек, дүйсенбіде Армения мен Әзірбайжан өңірдегі соғысты тоқтату туралы үшінші рет бітім жасасты. Алайда сол ымыраның күші небәрі 4 минутқа созылған. Қос тарап келісім талаптарын сақтамады деп бір-бірін тағы айыптап отыр.

Таулы Қарабақ Әзірбайжан Армения

Хабарламаларға жазылу