Енді «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша ипотекаға үй алу үшін өтініш бере аласыз. Ол үшін отбасындағы әр адамның айлық табысы соңғы жарты жылда 101 мың теңгеден аспауы тиіс. Жобаға 1986-2017 жылдар аралығында кезекке тұрған адамдардан бөлек, 2018-2019 жылдар мен биыл әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады. Осы арқылы елдегі 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр.
Ипотекалық кредиттің жылдық мөлшерлемесі 5%-ға тең. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін. «Шаңырақ» арқылы баспананы тек жаңадан салынған үйлерден алуға болады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша үй алуға өтініш қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132961/)