Жаңа жылдан бастап заңды тұлғалардың банктерден қолма-қол ақша шешуіне шектеу қойылады. Талап «Ұлттық Банкі туралы» заңға енгізілген түзетуге орай қойылды. Енді екінші деңгейлі банктер кірістер органдарына көбірек ақпарат беріп отырады. Ал кірістер комитеті заңды тұлғаның қолма-қол ақша шешуіне рұқсат беру-бермеуін екі жұмыс күні ішінде айтуға міндетті. Шектеу көлеңкелі экономикаға жол бермей, жемқорлықты айту үшін енгізілмек.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа жылдан бастап заңды тұлғаларға ақша шешуге шектеу қойылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132974/)