![Қазақстанда орташа айлық жалақы 204 330 теңгені құрады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/2/1604300084227.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Статистика комитетінің хабарлауынша, 2020 жылғы ІІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 204330 теңгені құрады.
Салалық құрылымда ең үлкен үлкен жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 448,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 381 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 314,8 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 276,1 мың теңге (1,4 есеге асты), көлік және жинақтау саласында – 249,9 мың теңге (1,2 есеге асты) деп белгіленді.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 142,6 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 30,2 %-ға төмен.
Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркелді – 350,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 148,6 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 27,3%-ға төмен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда орташа айлық жалақы 204 330 теңгені құрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133126/)