Түркияның Измир қаласында жер сілкінісінен кейін 65 сағат өткенде 3 жасар қызды құтқарылды. Элиф Перинджектің анасы мен екі әпкесі құлаған үйдің астынан екі күн бұрын шығарылған. «Анадолы» агенттігінің хабарлауынша, тас-талқаны шыққан аудандардан осымен 106-шы адам тірі табылып отыр. Элиф дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Мұның алдында опырылып түскен ғимарат астында 58 сағат жатқан Ширин есімді 14 жасар қыз құтқарылды. Өкінішке орай, оның 8 жасар сіңлісі мерт болған. Соңғы мәліметке қарағанда, Эгей теңізінде болған қуаты 7 балдық зілзаладан қаза тапқандар саны 81-ге жетті.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Измирдегі жер сілкінісі: 65 сағат бойы үйінді астында қалған 3 жасар қыз тірі қалған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133142/)