Бүгіннен бастап мешіттерде жамағаттың намаз оқуына рұқсат берілді. Енді жұрт мешітке келіп, бес уақыт намаз оқи алады. Бірақ залда 100 адамнан артық адам болмау керек.
Келушілер бетперде киіп, 2 метр арақашықтықты сақтауы тиіс. Сондай-ақ санитарлық-дезинфекциялық талаптарды ескергені жөн. Ал эпидемияның қаупіне байланысты әзірге жұма намазына рұқсат берілмей отыр.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мешіттерде намаз оқуға рұқсат берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133143/)