«Ауыл» партиясы ауылдарды интернетпен қамту ісін сынға алды. Өйткені шалғайдағы елді мекендерді аралап, мониторинг жасаған партия халықтың интернет игілігін көре алмай отқанын анықтаған. Ақмола облысының 6 ауылындағы байланысты зерттеген топ, тіпті, ғаламтормен қамтылған ауылдардың өзінде жағдай ойдағыдай емес дейді.
Мәселен, елордадан 50-60 шақырымдағы Оразақ, Екпінді ауылдарында интернет жылдамдығы тым баяу істейді.
Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:
Бізге Цифрлық даму министрлігінің берген ақпараты бойынша жалпы Қазақстанда 93,5 пайыз интернет бар деген ақпарат берген. 2 жылдан кейін 100 пайызға жеткіземіз деп отыр. Ал қазіргі жүргізіп жатқан мониторинг, тексерулер дәл осы беріп отырған ақпараттарға күмән келтіріп отыр.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ауыл» партиясы елді мекендерді интернетпен қамту ісін сынға алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133147/)